Жүк бөлімінің көлем
Жүк бөлімінің көлем
Кең салон
Сипаттамалары туралы толығырақ
Қауіпсіздік жастығы
Cobalt – күнделікті жол жүру, сонымен қатар бүкіл отбасымен алыс жерлерге саяхаттау үшін жобаланған. Кең жайлы салон бес адамға дейін отыруға мүмкіндік береді және жүксалғышы көлемді. Осының барлығы кез келген отбасылық саяхатты жағымды әрі қызықты өткізуге мүмкіндік береді. Cobalt-те Сізді жолдағы қауіптен қорғайтын заманауи қауіпсіздік жүйесі қарастырылған. Ол жүргізуші мен жолаушының қауіпсіздік көпшіктері жүйесінен, бұғатталуға қарсы жүйеден, Isofix балалар креслосын бекітуден тұрады, шанақ конструкциясына бағдарламаланған өзгеру элементтері енгізілген. Біз Сіздің және жақындарыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлығын қарастырдық. Cobalt – бұл GM корпорациясының бразилиялық бөлімшесінің дизайнерлері автокөліктерді дайындаудың стандартты процестерін пайдалана отырып әзірлеген отбасылық седан. Түбегейлі жаңа Cobalt-ты жаһандық GM командасы өз сегментінде әлемдік эталонға айналу және дамып келе жатқан нарықтарда сату жағынан көшбасшы болу үшін құрастырды. Chevrolet Cobalt-та жайлылық, сәнділік пен жоғары динамикалық сапа, сондай-ақ ескірмейтін дәстүрлі классикалық дизайн үйлесімділік тапқан. Автомобиль экономикасы дамып келе жатқан елдерге арналған және бұл автомобильдің өзіне тән негізгі белгілері автокөліктің кең салоны және оның ақылға қонымды бағасы мен отынды аз тұтынуы болып табылады. Бұл модель соңына дейін ойластырылған және онда қол жетімділік, сыйымдылық және басқару динамикалығы тамаша үйлесім тапқан.